Қазақстан Республикасы Астана қаласы
+7 (7172) 40-00-17

    

     «Biopharm Technology» ЖШС 2008 жылғы 4 тамызда құрылды. Медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтермелеп сатудың талон-хабарламаларына ие. Компания GMP және FDA стандарттарына сәйкес келетін тек қана жоғары сапалы жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жеткізушісі болып табылады. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізгеннен кейін біз ақпарат пен мамандардың пікірлерін жинау арқылы жабдықты жетілдіру саласында дәрігерлермен ынтымақтастықты жалғастырамыз. Кейін бұл ұсыныстар өндірушіге беріледі және бұдан кейінгі өндірісте ескеріледі. Біздің сервистік инженерлеріміз орнатылған жабдыққа пайдалану мерзімі ішінде кепілдікті және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні бізде сатылатын жабдық нарықтағы ең сенімді, тиімді және әмбебап жабдықтардың қатарына кіреді. Қазіргі уақытта олар Батыс Еурпаның көптеген елдерінде, АҚШ-та, Азияның бірқатар елдерінде, сондай-ақ Ресейде пайдаланылады. Қызметтің негізгі мақсаты: емдеу-профилактикалық мекемелерін жоғары сапалы жабдықтармен жабдықтау. Жоғары білікті мамандар мен ғылыми қызметкерлердің пікірі біздің имиджімізді қалыптастыруда шешуші фактор болып табылады. Біз тұтынушыларымызды сенімді серіктес және жеткізушімен қызметтес екеніне сендіру үшін компанияның, сондай-ақ жергілікті жерлердегі қызметкерлердің кәсіби деңгейін қолдау мен дамытуға тырысамыз. Біз ең төменгі деңгейден бастап жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз етуге ұмтыламыз. «Biopharm Technology» ЖШС-тің әрбір қызметкері ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосады.

Біздің серіктестеріміз